jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024 матчы кезінде "Алтын доп" иегерін тонап кетті

    Роберто Баджо
    Роберто Баджо. Фото: Alessandro Sabattini/Getty Images

    Атыс қаруымен жарақтанған италиялық қарақшылар "Алтын доп" иегері және 1994 жылғы әлемнің вице-чемпионы Роберто Баджоның үйіне басып кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Corriere della Sera басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқиға Винченце провинциясында орын алды. Дереккөздің хабарлауынша, бес адамнан тұратын қарулы топ бейсенбі, яғни 20 маусым күні кешке Баджоның үйіне басып кірді. Сол кезде Испания - Италия матчы болып жатқан. Оқиға барысында қаруланған адамның бірі оларға қарсыласқан Баджоның басынан тапаншамен ұрған. Бұдан кейін футболшыны өзінің отбасымен бірге бөлмеге қамап, қарақшылар үйдегі бағалы заттарды тонаған. Арада 40 минутқа жуық уақыт өткеннен кейін Баджо өзінің отбасымен бірге бөлмеден сытылып шығады.

    Оқиғадан кейін Баджо ауруханаға жеткізіліп, оған арнайы көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта қарақшыларды құқық қорғау органдары іздестіруде.

    Айта кетейік, Роберто Баджо 1993 жылы "Алтын доптың" иегері атанды. Спорт мансабы барысында шабуылшы "Венеция", "Фиорентина", "Болонья", "Брешия", "Интер", "Милан" және "Ювентус" секілді клубтарда өнер көрсетіп, көптеген турнирде жеңімпаз болды. Баджо - Италия құрамасының сапында 27 гол салды. Сондай-ақ ол әлем чемпионатының қола (1990), күміс (1994) медальдарын иеленген.

    Еуро-2024 матчы кезінде "Алтын доп" иегерін тонап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.