Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жастағы жанкүйер Роналдумен суретке түскені үшін УЕФА-дан жаза алды

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Foto Olimpik/NurPhoto via Getty Images

УЕФА Еуро-2024 матчы кезінде алаңға шығып, Криштиану Роналдумен суретке түскені үшін 10 жасар жанкүйерді жазалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиға Португалия мен Түркия құрамалары арасындағы Еуро-2024 турнирінің топтық кезеңінің 2-турындағы матч кезінде болды. Берат есімді бала өзінің кумирімен суретке түсу үшін алаңның ортасына жүгірді.

"Ол бастапқыда дәретханаға бара жатқанын айтты. Кенеттен мен оны қосалқы ойыншылар отыратын орынның маңайынан көрдім, содан кейін ол алаңға жүгіріп кетті", - дейді Бераттың әкесі Bild басылымына берген сұқбатында.

Португалиялық шабуылшы 10 жасар жанкүйердің өтінішіне оң көзқарас танытып қарағанымен, УЕФА балаға жаза тағайындады. Бератқа Еуро-2024 турнирінің келесі матчтарына қатысуға тыйым салынды.

"Мен өз арманымды орындадым, қазір менде Криштиану Роналдумен бірге түскен сурет бар! Ол футболкамда бейнеленеді және менің бөлмемде болады. Осыдан кейін мен бүгін кешке ұйықтай аламын ба, білмеймін", - деді Берат.

Айта кетейік, Португалия мен Түркия құрамалары кездескен бұл ойында португалиялықтар 3:0 есебімен басып түскен.

Германиядағы Еуропа чемпионатында 24 құрама бақ сынап жатыр. Топтық кезең 26 маусымға дейін жалғасса, 1/8 кезең 29 маусымда басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2123070-10-zhastagy-zhankuier-ronaldumen-suretke-tuskeni-ushin-uefa-dan-zhaza-aldy/