Еуро-2024 турнирінің ең жылдам ойыншысы анықталды
Опубликовано:
УЕФА-ның баспасөз қызметі Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 турнирінінің ең жылдам ойыншылардың ондығын атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Еуропа біріншілігіне арналған Instagram желісіндегі ресми парақшаға сілтеме жасап хабарлайды.
Тізімнің тізгінін Румыния құрамасының жартылай қорғаушысы Валентин Михайле ұстады. "Парма" клубының ойыншысы сағатына 35,8 шақырым жылдамдықты тіркеген.
Екінші орынға "Болонья" клубында өнер көрсететін швейцариялық шабуылшы Дэн Ндой (35,6 км/сағ) жайғасса, ал көшбасшылар үштігін "Манчестер Юнайтед" клубында ойнайтын даниялық Расмус Хойлунд (35,5 км/сағ) түйіндеді.
Еуро-2024 біріншілігінің ең жылдам 10 ойыншысы:
- Валентин Михайле (Румыния) – 35,8 км/сағ;
- Дэн Ндой (Швейцария) – 35,6 км/сағ;
- Расмус Хойлунд (Дания) – 35,5 км/сағ;
- Рафаэль Леау (Португалия) – 35,4 км/сағ;
- Жереми Фримпонг (Нидерланды) – 35,2 км/сағ;
- Нуну Мендеш (Португалия) – 35,1 км/сағ;
- Киран Тирни (Шотландия) – 35 км/сағ;
- Килиан Мбаппе (Франция) – 35 км/сағ;
- Михаил Мудрик (Украина) – 34,9 км/сағ;
- Кайл Уокер (Англия) – 34,8 км/сағ.
Айта кетейік, Германиядағы Еуропа біріншілігінде 24 құрама бақ сынап жатыр. Еуро-2024 турнирі 14 шілдеге дейін жалғасады.
- Еуро-2024: Тең ойын Швейцария мен Германия құрамаларын плей-оффқа жетеледі
- Еуро-2024: Роналду бастаған Португалия құрамасы мерзімінен бұрын плей-оффқа өтті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2122887-euro-2024-turnirining-eng-zhyldam-oiynshysy-anyqtaldy/