Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімізде де мықты спортшылар жетеді ғой": қазақстандық балуан легионерлер туралы пікірін айтты

Жарияланған күні:

Азамат Дәулетбеков
Азамат Дәулетбеков. Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Азамат Дәулетбеков легионер футболшылар туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Шетелдік легионерлерге емес, өзіміздің спортшыларға қолдау көрсетсе, білікті мамандар шақырса жақсы болар еді. Бізде футболда, күресте болсын таланттылар өте көп. Тек оларды дұрыс бағытта дайындау керек. Өзімізде де мықты балуандар жетеді ғой. Соларға көп көңіл бөлінсе деп ойлаймын", - деді Дәулетбеков "Спорт министрі" YouTube арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Азамат Дәулетбеков биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарында 86 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ол былтыр Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын. Қазір қазақстандық балуан әлемдік рейтингте өз салмағында 56400 ұпаймен көш бастап тұр.

Сәуірде Азамат Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия біріншілігінде алтын медаль жеңіп алып, үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2124477-ozimizde-de-myqty-sportshylar-zhetedi-goi-qazaqstandyq-baluan-legionerler-turaly-pikirin-aitty/