jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Азамат Дәулетбеков финалда өзбек балуанын жеңіп, үш дүркін Азия чемпионы атанды

    Азамат Дәулетбеков
    Азамат Дәулетбеков. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында алтын медаль иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Еркін күрестен 86 кг салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков финалда Өзбекстан өкілі Жавраил Шапиевпен күресіп, 5:2 есебімен жеңді.

    Дәулетбеков 2022 жылы және 2023 жылы да Азия чемпионы атанған еді. Сондай-ақ ол - әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.

    Айта кетейік, бүгін, 12 сәуірде тағы бір қазақстандық балуан Асыл Айтақын (61 кг) финалда Қырғызстан өкілі Тайырбек Жұмашбекұлына есе жіберіп, күміс медаль еншіледі. Ал кешегі жарыс күнінде Мейрамбек Қартбай (57 кг) қола, Ризабек Айтмұхан (97 кг) күміс медаль жеңіп алған болатын.

    Азамат Дәулетбеков финалда өзбек балуанын жеңіп, үш дүркін Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.