Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бразилияда ол әрекеті үшін өлтіріп қоятын еді": Лео Игита Қонысбаевтың сынына жауап берді

Опубликовано:

Лео Игита
Лео Игита. Фото: afckairat.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита Ұлан Қонысбаевтың тарапынан өзіне айтылған сынға жауап берді. Vesti.kz сайтына берген сұхбатында ол өзін қолдау білдірген Самат Смақовқа алғысын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жуырда ғана Игита "Ақтөбе" мен "Астана" клубтарының туларын таптап, басы дауға қалған еді. Осыдан соң Қонысбаев "мұндай әрекет үшін Бразилияда өлтіріп қоятын еді" деген. Игита футболшының пікіріне жауап берді.

"Маған оның сөздерін жіберді. Оның айтып отырғаны дұрыс емес. Ол өзі хабары жоқ дүниелерді айтқан. Менің Қазақстанда тұрып жатқаныма көп жыл болды, бәрін білемін демеймін, бірақ қазақтарды түсінетіндей жағдайға жеттім. Ал Қонысбаев Бразилия туралы не айта алады? Ол Бразилияның мәдениетінен де, адамдарынан да бейхабар. Ол Бразилияда болмаған да ғой. Бразилияда мұндай әрекетке мүлде басқаша қараушы еді, маған сеніңіз.

Мысалы, "Фламенго" өкілдері "Васко Да Гаманың" туын таптаса, "Васко" өкілдері де: "сендерді жеңгенде туларыңды таптап өтеміз" деуші еді. Бұл үшін адам өлтіру туралы ешкім ойламайды да. Мен ондай ойыншының бар екенін білмейді екенмін. Мен Самат Смақовты танимын. Сондықтан мұндай дүниені айту үшін шынымен де білу керек", - деді қақпашы.

Игита Самат Смақовтың тарапынан қолдау болғанын айтты.

"Иә, ол маған хабарласып: "Бауырым, уайымдама. Жағдай күрделі, бірақ хейтке мән бермеуге тырыс", - деді. Оның қолдау көрсеткеніне алғыс айтамын. Әйтпесе ол да кезінде "Ақтөбеде" ойнады ғой", - деді Игита.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы әрі капитаны Игита осы аптада алматылық "Қайрат" клубымен қоштасқанын мәлімдеді. "Қайрат" футзал клубы құрамында 13 жыл бойы жоғары деңгейде өнер көрсеткен Игита талай турнир мен доданың көркін қыздырып, қазақ жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленген. Қазақ футзалының жарқын жұлдызы атанған Игитамен сұқбаттасудың сәті түсіп, KAZ.NUR.KZ тілшісі оған көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарды қойды.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2125215-braziliiada-ol-areketi-ushin-oltirip-qoiatyn-edi-leo-igita-qonysbaevtyng-synyna-zhauap-berdi/