jitsu gif
Спорт

    "Әлемдегі ең мықты боксшыдан сабақ алу – зор бақыт": Головкин қазақстандық боксшымен жаттығу өткізді (видео)

    Cадриддин Ахмедов пен Геннадий Головкин
    Cадриддин Ахмедов пен Геннадий Головкин. Скриншот: instagram.com/sadriddin_____soq

    Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовмен жаттығу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Садриддин Ахмедов Instagram желісіндегі парақшасына Геннадий Головкинмен жаттығу барысынан видео жариялады. Видеодан Геннадий жақыннан жұдырықтасудың, соққы жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп жатқанын байқауға болады.

    Желі қолданушылары Головкиннің осы әрекетіне ризашылығын білдіріп пікір жазды.

    "Гена сөз жоқ нағыз батыр", "Осындай әлемдегі ең мықты боксшыдан сабақ алу, ол үлкен бақыт", "Қандай әдемі көрініс, сүйсініп қарайсың ғой батырларға. Аман болыңдар", "Жолдарың ашық болсын. Алла Тағала тілеуіңді берсін, әумин", "Көріп қуанып отырмын, осылай бірлесіп қимылдасақ біз алмайтын қамал болмайды", "Керемет! GGG жолын берсін! Осылай інілерімен баға жетпес тәжірибесімен бөліссе, Қазақстаннан әлі талай чемпиондар шығады", - деп жазды оқырмандар.

    Айта кетейік, Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың желтоқсанында Алматыда өткізді. Ол Нкулулеко Мхлонгоны бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңген еді.

    Геннадий Головкин ақпанда Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланған болатын. Сондай-ақ ол мамырда Халықаралық Олимпиада Комитеті Olympism 365 комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

    "Әлемдегі ең мықты боксшыдан сабақ алу – зор бақыт": Головкин қазақстандық боксшымен жаттығу өткізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.