jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасына дайындыққа бюджеттен қанша ақша бөлінді

    Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі
    Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі. Фото: Chesnot/Getty Images

    Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Париж Олимпиадасына дайындыққа мемлекеттік бюджеттен қанша ақша бөлінгенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Баспасөз мәслихатында Серік Жарасбаев спортшылардың Олимпиадалық формасын тігуге және Олимпиадаға дайындыққа қанша қаражат кеткені туралы сұраққа жауап берді.

    "Ұлттық құрама спортшылары мен делегация мүшелеріне арналған формалар тігілді және толықтай дайын. Бірақ олардың бағасын айта алмаймын. Өйткені формалар демеушілердің қаражаты есебінен тігілді. Сондықтан демеушілер қаражат жағын коммерциялық құпия ретінде сақтауды өтінді.

    Ал Олимпиада ойындарына кеткен толық шығынға келер болсақ, ол мемлекеттік бюджет есебінен болғандықтан, жасырмаймыз. Ұлттық құраманы Олимпиадаға Спортты дамыту дирекциясы дайындайды. Жыл басынан бері ұлттық құраманы Олимпиада ойындарына дайындау мен қатыстыру мақсатында 980 миллион теңге бөлінді", - деді Жарасбаев.

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Додаға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 10 мыңнан аса спортшы қатысады. Олар спорттың 32 түрінен 300-ден аса медальды сарапқа салады.

    Париж Олимпиадасына дайындыққа бюджеттен қанша ақша бөлінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.