Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уимблдон-2024: Рыбакина мен Путинцеваның қарсыластары анықталды

Жарияланған күні:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Kelly Defina/Getty Images

Лондон қаласында әйелдер арасында Уимблдон-2024 турнирінің жеребесі тартылды. Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбалкина (WTA рейтингінде 4-орын) мен Юлия Путинцеваның (34-орын) бірінші айналымдағы қарсыластарының есімі белгілі болды, деп KAZ.NUR.KZ Уимблдон турнирінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина бірініші айналымда дүниежүзілік рейтингте 152-орында тұрған румыниялық теннисші Елена Габриэла Руземен кездеседі.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 34-ракеткасы Юлия Путинцева неміс Анжелика Кербермен шеберлік сынасады. Айта кетейік Анжелика Кербер қазіргі уақытта рейтингте 221-орында тұрғанымен, кезінде ол осы рейтингте көш бастаған, сондай-ақ үш дүркін "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы атанған.

Уимблдон турнирі 1-13 шілде аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 21,3 млн. АҚШ долларынан асады.

Айта кетейік, 2022 жылы ұйымдастырылған Уимблдон додасында Елена Рыбакина жеңімпаз атанған. Өткен жылы қазақстандық теннисші ширек финалға дейін жетіп, Тунис елінің теннисшісі Онс Жаберге есе жіберіп қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2125857-uimbldon-2024-rybakina-men-putintsevanyng-qarsylastary-anyqtaldy/