Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Леброн мен Бронни Джеймстер НБА тарихындағы алғашқы әкелі-балалы дуэт атанды

Опубликовано:

Бронни Джеймс пен Леброн Джеймс
Бронни Джеймс пен Леброн Джеймс. Фото: Alex Bierens de Haan/Getty Images

Леброн мен Бронни Джеймстер НБА тарихында бір командада өнер көрсететін алғашқы әкелі-бала дуэт болды. Ұлттық баскетбол қауымдастығының (НБА) "Лос-Анджелес Лейкерс" клубы сапында Бронни Джеймс 55-нөмермен ойнайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

20 жастағы баскетболшы Бронни өткен маусымда Оңтүстік Калифорния университетінің атынан NCAA студенттер лигасында ойнады. Ал оның әкесі, 39 жастағы Леброн биыл НБА-дағы өзінің 22-маусымын өткізеді. Леброн Джеймс екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін НБА чемпионы, сонымен қатар лига тарихындағы ең үздік баскетболшы.

Айта кетейік, өткен жылы жас спортшы Бронни Джеймс жүрек ауруына байланысты ауыр ота жасатқан болатын.

Өткен маусымда "Лейкерс" 7орынға ие болып, плей-оффтың бірінші раундында "Наггетс" клубынан 1-4 есебімен жеңіліп қалды.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2126880-lebron-men-bronni-dzheimster-nba-tarihyndagy-algashqy-akeli-balaly-duet-atandy/