Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасына қатысатын қазақстандық гимнаст Франциядағы турнирде жеңімпаз атанды

Опубликовано:

Милад Карими
Милад Карими. Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Францияның Труа қаласында өткен спорттық гимнастикадан халықаралық турнирде топ жарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олимпиада алдында өткен жарысқа Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Қазақстан командалары қатысқан.

Милад Карими көпсайыста 83.750 ұпай жинап жеңімпаз атанды. Ол ең көп ұпайды еркін жаттығудан алды – 15.000. 

Екінші орынды Ұлыбритания өкілі Джо Фрейзер еншілесе, үшінші орынға италиялық Марио Мачиати жайғасты.

Бұл сында Миладтан бөлек Ілияс Азизов пен Нариман Курбанов та қатысты. Нариман тұтқалы ат снарядында 15.350 ұпай алды. 

Еске салайық, Милад Карими 2023 жылы Бельгияда өткен əлем чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған еді. Ол көпсайыстан жеке өзіне лицензия берілген 8 гимнастың бірі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2128401-parizh-olimpiadasyna-qatysatyn-qazaqstandyq-gimnast-frantsiiadagy-turnirde-zhengimpaz-atandy/