Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасында еліміздің туын ұстап шығатын спортшыларға қатысты жаңа дерек пайда болды

Жарияланған күні:

Эйфель мұнарасы
Эйфель мұнарасы. Фото: Kiran Ridley/Getty Images

Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшыларға қатысты жаңа ақпарат пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Осыған дейін еліміздің туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ұстап шығатыны хабарланған еді. Бірақ Cпортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің жетекшісі Аян Төлеген бұл мәселе әлі нақты шешілмегенін айтты.

"Асланбек Шымбергенов ашылу салтанатында ту ұстап шығуы әбден мүмкін. Ал оған көмектесетін екінші спортшы кім болатыны әлі талқыланып жатыр. Иә, үміткерлердің бірі жеңіл атлет Ольга Сафронова. Бірақ бұл ақырғы шешім емес. Өзгеріс болуы мүмкін", - деді Аян Төлеген.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Додаға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 10 мыңнан аса спортшы қатысады. Олар спорттың 32 түрінен 300-ден аса медальды сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2128935-parizh-olimpiadasynda-elimizding-tuyn-ustap-shygatyn-sportshylarga-qatysty-zhanga-derek-paida-boldy/