Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: еліміздің туын кім ұстап шығатыны белгілі болды

Опубликовано:

Париждегі Эйфель мұнарасы
Париждегі Эйфель мұнарасы. Фото: Photo by Julien Mattia/NurPhoto via Getty Images

Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстап шығатын екі спортшының есімі аталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

26 шілдеде басталатын Олимпиада ойындарында боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова Қазақстан туын ұстап шығады. Бұл ақпаратты KAZ.NUR.KZ тілшісіне Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің өкілдері растады.

Шымбергенов – бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, әлем чемпионы (2023 жыл) және Азия чемпионы (2022 жыл), түрлі халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Ол наурызда Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Асланбек Парижде 71 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.

Сафронова – Азия чемпионатының (2017 жыл) және Азиаданың (2014 жыл) жеңімпазы.

Еске салайық, Париж Олимпиадасына дайындыққа бюджеттен қанша ақша бөлінгенін жазған едік.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2128788-parizh-olimpiadasynda-qazaqstan-tuyn-kim-ustap-shygatyny-belgili-boldy/