Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина, Бублик: Олимпиадаға қатысатын Қазақстан теннис құрамасы жасақталды

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын қазақстандық теннисшілер анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан жекелей сында Елена Рыбакина (№4), Юлия Путинцева (№34), Александр Бублик (№23) және Александр Шевченко (№58), ал жұптық сында Александр Бублик/Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Құрамды жасақтау Олимпиада регламенті негізінде жүргізілді. Іріктеу барысында теннисшілердің ATP және WTA әлемдік рейтингтеріндегі жеке позициялары басты критерий болған.

Париждегі Олимпиадада Қазақстан теннис құрамасы сапында әлемнің 58-ракеткасы Александр Шевченко алғаш рет өнер көрсетеді. Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) Шевченконың Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан мәдени және отбасылық байланыстарын, сондай-ақ оның анасының Жезқазған қаласының тумасы екенін ескеріп, оған еліміздің атынан бақ сынауға рұқсат берді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2128992-rybakina-bublik-olimpiadaga-qatysatyn-qazaqstan-tennis-quramasy-zhasaqtaldy/