Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүлде қоры 50 мың доллар": шахматшы Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде топ жарды

Жарияланған күні:

Шахматшы Бибісара Асаубаева
Шахматшы Бибісара Асаубаева. Фото: instagram.com/bibisarachess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында Әзербайжанда өткен Baku Open 2024 турнирінде жеңіске жеткені туралы жазды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әзербайжан астанасында өткен шахматтан халықаралық турнирі 28 маусымда шымылдығын ашып, 7 шілдеге дейін жалғасты. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева турнирдің жалпы есебінде 19-орын иеленді, бірақ өз санатында топ жарды.

"Шахматтан "Баку Опен 2024" турнирінде әйелдер арасында 1-орынға ие болдым!", - деп жазды Бибісара Асаубаева.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 50 мың долларды (шамамен 24 миллион теңге). Әйелдер арасында 1-орын алған Бибісара Асаубаева 1500 доллар (720 мың теңге) ұтып алды.

Айта кетейік, 20 жастағы қазақстандық шахматшы 2020 жылдан бастап халықаралық шебер атағын алды, ал 2017 жылдан бастап ФИДЕ шебері саналады. 2019 жылы Бибісара әйелдер арасында гроссмейстер атанған болатын. Сондай-ақ 2021 жылы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2130894-zhulde-qory-50-myng-dollar-shahmatshy-bibisara-asaubaeva-halyqaralyq-turnirde-top-zhardy/