Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуімен бірге чемпион атанған": Олимпиадаға қатысқан алғашқы әйел туралы не білеміз

Опубликовано:

Элен де Пуртале
Элен де Пуртале. Фото: Levitsky of Paris

26 шілдеде Парижде (Франция) басталатын жазғы Олимпиада ойындарында алғаш рет ер және әйел спортшылардың саны тең болады. Осыдан 124 жыл бұрын әйелдерге Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берілген еді, деп хабарлайды Cпортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

1900 жылы Парижде өткен бәсекеде алғаш рет әйел адам Олимпиадаға қатысты. 5 айға жалғасқан (14 мамыр – 28 қазан) жарыста швейцариялық Элен де Пуртале желкенді спорттан командалық сайыста бақ сынап, күйеуімен бірге чемпион болған еді.

Сол жылы әйелдер арасында тек үлкен теннис пен гольфтан ғана жүлде (2,2%) сарапқа салынған. Ал биыл өтетін Париж Олимпиадасында ерлер мен әйелдердің үлесі алғаш рет 50/50% болады.

Осыған дейін Олимпиадаға қатысатын ерлер мен әйелдердің үлесі төмендегідей болды:

  • 1896 жыл. Ерлер — 100%;
  • Париж 1900 жыл. Ерлер — 97,8%, әйелдер — 2,2%;
  • 1904 жыл. 99,1/0,9%;
  • 1908 жыл. 98,2/1,8%;
  • 1912 жыл. 98/2%;
  • 1920 жыл. 97,6/2,4%;
  • Париж 1924 жыл. 95,6/4.4%;
  • 1928 жыл. 90,4/9,6%;
  • 1932 жыл. 91/9%;
  • 1936 жыл. 91,7/8,3%;
  • 1948 жыл. 90,5/9,5%;
  • 1952 жыл. 89,5/10,5%;
  • 1956 жыл. 86,7/13,3%;
  • 1960 жыл. 88,6/11,4%;
  • 1964 жыл. 86,8/13,2%;
  • 1968 жыл. 85,8/14,2%;
  • 1972 жыл. 85,4/14,6%;
  • 1976 жыл. 79,3/20,7%;
  • 1980 жыл. 78,5/21,5%;
  • 1984 жыл. 77/23%;
  • 1988 жыл. 73,9/26,1%;
  • 1992 жыл. 71,2/28,8%;
  • 1996 жыл. 66/34%;
  • 2000 жыл. 61,8/38,2%;
  • 2004 жыл. 59,3/40,7%;
  • 2008 жыл. 57,6/42,4%;
  • 2012 жыл. 55,8/44,2%;
  • 2016 жыл. 55/45%;
  • 2021 жыл. 51,2/48,8%;
  • Париж 2024 жыл. 50/50%.

Еске салайық, Париж Олимпиадасына аттанатын Қазақстан құрамасы жайлы 9 қызық дерек жазған едік.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2131536-kuieuimen-birge-chempion-atangan-olimpiadaga-qatysqan-algashqy-aiel-turaly-ne-bilemiz/