Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері 88 жасында өмірден өтті

Опубликовано:

Ром Ильматов және Жақсылық Үшкемпіров
Ром Ильматов және Жақсылық Үшкемпіров. Фото: olympic.kz

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ром Ильматов 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан күрес федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ел спортының жарқын жұлдызы, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ильматов Ром Хасанович өмірден мезгілсіз озуына байланысты көңіл айтамыз.

Ром Хасанович жоғары дәрежедегі ұлағатты ұстаз әрі адамгершілік қасиеттері мол жаны жайсаң, болмысы бөлек адам еді. Оның асыл мінезі мен жетістіктері баршамыздың жадымызда мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.

Ром Ильматов 1936 жылы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Ауыл бекетінде дүниеге келген. Ол КСРО спорт шебері, ҚазКСР-нің, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері болды.

Бапкердің шәкірті, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылы тамызда 69 жасында қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2131554-zhaqsylyq-ushkempirovting-algashqy-bapkeri-88-zhasynda-omirden-otti/