
Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің ширек финалында жеңіске жетті. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Рыбакинаның бұл кезеңдегі қарсыласы WTA рейтингінде 21-орынға жайғасқан Украинаның екінші ракеткасы Элина Свитолина болды.
Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 1 минутқа созылды.
Кездесу барысында қазақстандық спортшы алты брейк-пойнттың төртеуін және алты эйсті орындап, бір рет қос қате жіберді.
Уимблдон-2024 жартылай финалында Рыбакина латвиялық Елена Остапенконы (14) 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтқан чех Барбора Крейчиковамен (WTA нөмірі 32) кездеседі.
Турнирдің шешуші кездесуіне тағы бір жолдаманы хорватиялық Донна Векич (37) мен италиялық Жасмин Паолини (7) сарапқа салады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2131911-elena-rybakina-ukrainanyng-ekinshi-raketkasyn-utyp-uimbldonnyng-zhartylai-finalyna-shyqty/