Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адай" күйін тыңдаймын": каратэші Мөлдір Жаңбырбай жекпе-жекке қалай дайындалатынын айтты

Жарияланған күні:

Мөлдір Жаңбырбай
Мөлдір Жаңбырбай. Фото: olympic.kz

Каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай жекпе-жекке қалай дайындалатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мөлдір Жаңбырбай Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандардың сұрағына жауап берді. Ол жарыс алаңына шықпас бұрын не істейтінін айтты.

"Жекпе-жек алдында "Адай" күйін, патриоттық әндер тыңдаған маған жақсы көмектеседі. Әркімде әрқалай. Кездесу басталғанша ішімнен "Аятул Курси" сүресін қайталаймын.

Мен үшін ең маңыздысы – жекпе-жек алдында миды оятып, дене қыздыру. Қалғанын олар жасайды. Шынымен де, ешқандай тактика мен жоспар құрмаймын. Өйткені бәрі боз кілемде шешіледі", - деді спортшы.

Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы әлем біріншілігінде топ жарып, каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған еді. Сонымен бірге ол былтыр Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Ал биыл әр салмақ дәрежесінде үздік спортшыларға берілетін Grand Winner марапатына ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2132526-adai-kuiin-tyngdaimyn-karateshi-moldir-zhangbyrbai-zhekpe-zhekke-qalai-daiyndalatynyn-aitty/