Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадаға жолдама алған ақтөбелік балуанға жерлестері көлік сыйлады (видео)

Жарияланған күні:

Мейрамбек Қартбайға ақтөбеліктер көлік сыйлады
Мейрамбек Қартбайға ақтөбеліктер көлік сыйлады. Фото: instagram.com/kartbaymeyrambek

Париж Олимпиадасына баратын еркін күрес шебері Мейрамбек Қартбайға жерлестері көлік мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбе облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ақпаратына сүйенсек, федерация өкілдері Мейрамбек Қартбайға көлік сыйлап, спортшының бапкерлеріне де сый-құрмет көрсеткен.

Айта кетейік, 2023 жылы әлем чемпионатында Мейрамбек Қартбай бесінші орын алған еді. Ол Олимпиада жолдамасы үшін таласта ресейлік спортшы Заур Угуиевке есе жіберген болатын. Бірақ күрес түрлерінен Ресей құрамасы Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқаннан кейін Олимпиада лицензиялары қайтадан үлестірілді. Осылайша Мейрамбек Қартбай лицензияға ие болды. Қазақстандық балуан Париждегі бәсекеде 57 кг салмақта белдеседі.

26 шілдеде басталатын Олимпиада ойындарында еркін күрестен 4 спортшы ел намысын қорғайды. Олар: Мейрамбек Қартбай (57 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Әлішер Ерғали (97 кг) және Юсуп Батырмұрзаев (125 кг).

Осыған дейін Олимпиада жолдамасын жеңіп алған тағы бір ақтөбелік балуан Юсуп Батырмұрзаевқа жерлестері үй сыйлап, көлік мінгізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2136105-olimpiadaga-zholdama-algan-aqtobelik-baluanga-zherlesteri-kolik-syilady-video/