Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ тілін толық үйреніп кетпеймін": Станислав Черчесов қазақша үйрену туралы айтты

Жарияланған күні:

Cтанислав Черчесов
Cтанислав Черчесов. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов "Россия 24" арнасына берген сұқбатында қазақ тілін үйрену мәселесі бойынша пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Қазақстан – үлкен әрі өрелі ел, кез келген жердің өз ерекшеліктері бар екенін айтқым келеді. Осы секілді нәрселерге уақыт өте келе үйреніп келемін, күнделікті өмірге қажет бірнеше сөзді үйрендім. Мен одан әрі үйренемін, бірақ қазақ тілін толық үйреніп кетпейтінім белгілі. Негізгі сөздерді білуім қажет, сондықтан бар күшімді саламын", - деді Станислав Черчесов.

Маусым айының соңында Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуына байланысты баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз жиыны барысында Журналист Нұрсұлтан Құрман қазақ тілінде сұрақ қойып, ал бұл сауалды Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов бас бапкерге аударып беріп отырды. Содан кейін БАҚ өкілі тағы бір мәрте қазақша сұрақ қойған кезде Черчесов килігіп кетіп, сөз таластырып қалған болатын. Осы жағдайдан кейін жаттықтырушы қазақ тілі курстарына қатыса бастады.

Еске салайық, Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кеткеннен кейін оның орнына Станислав Черчесов тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2138301-qazaq-tilin-tolyq-uirenip-ketpeimin-stanislav-cherchesov-qazaqsha-uirenu-turaly-aitty/