Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешіріп қойыңыз, сіз қай жақтансыз": Черчесов журналиспен сөз таластырып қалды

Опубликовано:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: Ресей футбол қауымдастығы

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов кеше, 26 маусымда Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналист Нұрсұлтан Құрманмен сөз таластырып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл баспасөз жиынында Нұрсұлтан Құрманның ұлттық құрамаға футболшыларды қалай іріктейтіні жөнінде қойған қазақ тіліндегі алғашқы сауалын Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов бас бапкер Станислав Черчесовке орыс тіліне аударып берген болатын.

Осыдан кейін Нұрсұлтан Құрман екінші сұрағын да қазақ тілінде қоюға оқталды. Алайда Черчесов оның сөзін бөліп жіберді. Осылайша журналист пен Черчесов арасындағы диалог былай өрбіді:

– Станислав Саламұлы...

– Кешіріп қойыңыз, сіз қай жақтансыз?

– Мен Қазақстаннанмын.

– Сіз маған сұрақ қойып тұрсыз ғой. Мен cізге осетин тілінде жауап берейін бе?

– Әлбетте, жауап беріңіз.

– Бірақ ешкім түсінбейді ғой.

– Сізге түсіндіріп береді деп ойлаймын.

– Өтініш жасау бірінші рет тегін болады, ал кейіннен тегін болмайды. Ескертіп қояйын.

Осыдан кейін журналист өзінің бапкерлік құрам жөніндегі негізгі сұрағына оралып: "Бапкерлік құрам қалыптасты ма, оның құрамында кімдер болады?" - деп сұрады. Ал бұл сұраққа Черчесов: "Әлбетте, сенің болмайтының белгілі", - деп әзіл аралас жауап беріп, бапкерлік құрам туралы мәселе әлі күнге дейін толыққанды шешілмегенін айтты.

Еске салайық, Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кеткеннен кейін оның орнына Станислав Черчесов тағайындалған болатын.

Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы "В" дивизионында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларымен кездеседі. Бірінші ойындар қыркүйек айынының басына жоспарланған.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2125254-keshirip-qoiyngyz-siz-qai-zhaqtansyz-cherchesov-zhurnalispen-soz-talastyryp-qaldy/