jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовке қатысты іс қозғалды

    Хабиб Нурмагомедов
    Хабиб Нурмагомедов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

    Сот орындаушылары жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке қатысты атқарушылық іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Нурмагомедовтің Дағыстан Республикасы бойынша федералдық салық қызметіне қарызы – 79,4 миллион рубль.

    Федералдық сот орындаушылар қызметінің бас аймақаралық (мамандандырылған) басқармасының баспасөз қызметі атқарушылық іс қозғалғаны туралы ақпаратты растады.

    Еске салайық, шілденің басында Ресей Федерациясының федералдық салық қызметі бұрынғы UFC чемпионының банк шоттарын тәркілеген болатын.

    Ал бұған дейін федералдық салық қызметі Нурмагомедовке тиесілі бірнеше компанияны жауып тастады. Олардың қатарында туризм саласында жұмыс істеген Hikmet Travel ЖШС да бар. Компаниялар ресми құжаттарда шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар бар болғандықтан жабылғаны айтылды. Сондай-ақ Хабибтің қайырымдылық қорының шоты бұғатталғаны хабарланған еді.

    Айта кетейік, Нурмагомедов аралас жекпе-жектегі мансабын 2020 жылы аяқтады. Чемпиондық белбеуді кезекті рет қорғағаннан кейін ол MMA-дан кететінін мәлімдеді. Қазіргі уақытта жеңіл салмақтағы UFC чемпионы – Хабиб командасының мүшесі Ислам Махачев.

    UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовке қатысты іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.