BMX-фристайлдан тұңғыш Олимпиада чемпионы аустралиялық Логан Мартинді Париж Олимпиадасы қарсаңында Бельгияда тонап кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ спортшының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
BMX-фристайлынан Олимпиада чемпионы аустралиялық Логан Мартин Instagram желісіндегі парақшасында Париждегі байрақты бәсекеге аттанар жолда оның фургонын тонап кеткенін хабарлады.
"Біздің фургонды түнде бұзып кетті. Қуанышымызға орай, заттарымыздың көп бөлігін бөлмеген қалдырып кеткен болатынбыз, оның үстіне біраз затты қайтарып алдық. Мен әмиянымнан, рюкзактарымнан және тағы бірнеше затымнан айырылдым, бірақ бәрі ойдағыдай", - деп жазды Логан Мартин әлеуметтік желідегі парақшасында.
30 жастағы Логан Мартин – алғаш рет Токио Олимпиадасында BMX‑фристайлдан ұйымдастырылған жарыста жеңіске жетіп, чемпион атанған.
Париж олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ерлер арасындағы BMX фристайл бәсекесі 30-31 шілдеде болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2139720-olimpiada-chempionyn-parizhge-bara-zhatqan-zholda-tonap-ketti/