jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Үстел теннисінен құрама көшбасшысының Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды

    Кирилл Герасименко
    Кирилл Герасименко. Фото: instagram.com/turizm_sport_ministrligi

    Үстел теннисінен ұлттық команданың көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасындағы бірінші ойында чилилік Николас Бургоспен шеберлік байқасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Үстел теннисінен негізгі бәсекелер 27 шілдеде басталады. Жарыстың 1/32 финалдық кезеңінде қазақстандық Кирилл Герасименко ITTF әлемдік рейтингінде 58-орында тұрған чилилік Николас Бургасқа қарсы кездесу өткізеді.

    Париж Олимпиадасында үстел теннисінен ерлер арасында 67 спортшы жүлдені сарапқа салады.

    Естеріңізге сала кетейік, Кирилл Герасименко Азиядағы теннисшілер арасында ең жоғары орынды иеленіп, құрлық рейтингі арқылы жолдамаға ие болған еді. Отандасымыз осыған дейін 2016 жылғы Рио Олимпиадасында және 2020 жылғы Токио Олимпиадасында бақ сынаған.

    Көпшілік тағатсыздана күткен Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанаты ертең, 26 шілдеде болады. Байрақты бәсеке 11 тамызға дейін өз жалғасын табады. Бұл додада ел намысын 25 спорт түрінен 80 спортшы қорғайды.

    Үстел теннисінен құрама көшбасшысының Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.