Қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Париждегі Олимпиада ойындарында марапаттау рәсімі кезінде медальдарын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгін алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысып тұрған 25 жастағы Ислам Сатпаев пен 20 жастағы Александра Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түскенін жазған едік.
Осылайша, олар пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды.
Ал осы турнирдің финалында қытайлық Шэн Лихао мен Хуан Юйтин оңтүстіккореялық Ким Джи Хен пен Пак Ха Джунды 16:12 есебімен басып озды.
Шешуі сайыстардан кейін аренада марапаттау рәсімі өтті. Сәтпаев пен Александра қола жүлде иегері атанды. Бұл 1996 жылдан бері Қазақстан қоржынына алғаш рет түскен олимиадалық жүлде болып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140567-olimpiadada-zhuldeger-atangan-qazaqstandyq-mergenderdi-marapattau-rasimi-otti/