Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов финалдық белдесуге танымал дзюдошы Такатоның кимоносын киіп шыққан (фото)

Жарияланған күні:

Елдос Сметов пен Наохиса Такато
Елдос Сметов пен Наохиса Такато. Фото: x.com/ @naohistakato

Күні кеше қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Көп ұзамай оның жеңісіне қатысты танымал дзюдошы Наохиса Такато пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Париж төрінде көк туды желбіреткен Елдос Сметов дзюдодан Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Ал қазақстандықтың жеңісіне пікір білдіргендер қатарынан атышулы қарсыласы Наохиса Такато табылды. Ол әріптесі Елдос Сметов аталған сынға өзі сыйлаған кимононы киіп шыққанын айтты.

"Елдос, мен сыйлаған дзюдо кимоносын киіп, алтын медаль иеленді", - деп жазды дзюдошы Х желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Елдос Сметов пен Наохиса Такато 10 жылдай бір-біріне қарсылас болып келеді. Олар Рио және Токио Олимпиадасында қатар тұғырға шыққан. Сметов 2016 жылы Риода күміс жүлдегер атанған сәтте жапон балуаны қола жүлде алды. Ал Токиода Такато чемпион атанып, отандасымыз қола жүлдені қанағат тұтты.

Такато өткен жылы Жапонияның іріктеу бәсекесінде құрамадағы басты қарсыласы Рюджи Нагаямаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасынан тыс қалды. Ал кеше Нагаяма 60 келіде қола медаль иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140810-eldos-smetov-finaldyq-beldesuge-tanymal-dziudoshy-takatonyng-kimonosyn-kiip-shyqqan-foto/