Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин әке атанды (фото)

Жарияланған күні:

Дмитрий Баландин
Дмитрий Баландиннің жеңіс тұғырынан көрінген сәт. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин әке атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық спортшы қуанышты хабарды Instagram желісіндегі Stories-ке жариялады. Дмитрий Баландин 2022 жылы Кристина Тыныбаевамен шаңырақ көтерген еді.

Еске салайық, Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио Олимпиадасында топ жарды. Ол брасс әдісімен 200 метр қашықтыққа жүзуден алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, жүзу спортынан Олимпиада чемпионы болған Қазақстан тарихындағы тұңғыш спортшы атанды. Сондай-ақ Баландин – Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. Ал оның жұбайы Кристина Тыныбаева бұған дейін синхронды жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болған.

Дмитрий Баландин 2022 жылы 27 жасында мансабын аяқтау туралы шешім қабылдаған еді.

Дмитрий Баландиннің Instagram Stories-і
Дмитрий Баландиннің Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/stories/dmitriy_balandin_

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141172-olimpiada-chempiony-dmitrii-balandin-ake-atandy-foto/