Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін қорапта не бар екенін көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Дзюдодан 66 кг салмақ дәрежесінде жүлдегерлерді марапаттау сәті
Дзюдодан 66 кг салмақ дәрежесінде жүлдегерлерді марапаттау сәті. Фото: Michael Reaves/Getty Images

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне сыйлық ретінде арнайы қорап табысталып жатыр. ҚР Туризм және спорт министрлігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында бұл қораптың ішінде не бар екенін көрсететін видео жарияланды, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған видеода Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев қораптың ішінде не бар екенін көрсетті. Жүлдегерлерге табысталған қораптың ішінде Париждің көрікті жерлері көрсетілген арнайы бейнесурет бар.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің алғашқы күнінде қазақстандық мергендер жұбы Александра Ле мен Ислам Сәтпаев қола жүлдені еншілеп, ел қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын. Сол күні татами төрінде күш сынасқан дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақты. Ал доданың екінші күнінде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141403-gusman-qyrgyzbaev-olimpiada-zhuldegerlerine-beretin-qorapta-ne-bar-ekenin-korsetti-video/