Париж Олимпиадасының үстел теннисі бәсекесінде Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан Кирилл Герасименко екінші айналымдағы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 29 шілдеде Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының үстел теннисі бәсекесі жалғасты. Жарыстың 1/16 финалдық кезеңінде қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко германиялық спортшы Данк Кьюға қарсы кездесу өткізді. Тартысты матчың нәтижесі бойынша Кирилл жеңіп, 1/8 финалға шықты. Ал жалпы есеп 4:3 (6:11, 11:6, 13:11, 5:11,11:5,11:9).
Еске салайық, қазақстандық спортшы алғашқы айналымда Чили елінің өкілі Николас Бургосқа қарсы ойын өткізді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 4 сетте (11:4, 11:5, 12:10, 11:6) басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алған еді.
Ал үлкен теннистен өнер көрсететін қазақстандық Александр Бублик пен Александр Недовесов Париж Олимпиадасында жұптық сында өнер көрсетіп, жеңіліске ұшырады. Осылайша теннистен Қазақстан құрамасы Парижде бірде-бір медаль иелене алмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141559-qazaqstandyq-tennisshi-parizh-olimpiadasynyng-1-8-finalyna-zholdama-aldy/