Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңіліс жетім": Парижден жүлдесіз қайтқан Әбиба Әбужақынова жанкүйерлеріне жазба арнады

Жарияланған күні:

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова. Фото: ijf.org

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарынан жүлдесіз қайтқан дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне жазба арнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дзюдошы жеңілгеніне қарамастан, сый-құрмет көрсетіп жатқан халыққа алғыс айтты.

"Құрметті достар! Қанша күн өтсе де, әлі сіздерден жеңімпаздан артық қолдау көріп отырмын. Еліміздің түкпір-түкпірінен жолаған жылы лебіздеріңіз, құрметтеріңіз, сыйларыңыз мені сынбауға, жүрген жолымды әрі қарай жалғастыруға күш беріп отыр.

"Жеңіліс жетім" деген. Бірақ мен менімен бірдей жылап, сәтсіздігімді бір адамдай сезінген жандарды көріп отырмын. Осындай қолдау барда қалай тоқтап қаламын?! Баршаңызға көп рақмет! Мен үшін енді спорттағы жаңа кезең осы сәттен басталды", - деді ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін танымал айтыскер атымтай азаматтарды Әбиба Әбужақыноваға қолдау көрсетуге шақырған еді. Көп ұзамай дзюдошының өзі жүлдеге ілінбегені үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Кейінірек мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Әбибаға өз атынан сыйақы беретінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2142259-zhengilis-zhetim-parizhden-zhuldesiz-qaitqan-abiba-abuzhaqynova-zhankuierlerine-zhazba-arnady/