Париж Олимпиадасында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбиба Әбужақынова жүлдесіз қалғаны үшін халықтан кешірім сұрады. Ол жеңілгеніне қарамастан, жылы лебіз білдіріп жатқан жанкүйерлерге алғыс айтуды ұмытқан жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әбиба Әбужақанова өз ойын Instagram желісіндегі парақшасына жазды.
"Құрметті, қазақ елі! Мені қолдап, жүлдесіз қалғаныма қарамастан жылы лебіздеріңізді арнап жатқандарыңызға рахмет! Мен бұл күнді ұзақ күткен едім. Қазақстан әйелдер дзюдосының тарихын жаңартуға бар күшімді салғаныммен, өзім ойлағандай нәтижеге қол жеткізе алмадым...
Маған сенген баршаңыздың үміттеріңізді ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын! Мен мұнымен тоқтап қалмаймын! Мықты болып ораламын", - деді Әбиба Әбужақынова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140894-abiba-abuzhaqynova-olimpiadada-zhulde-ala-almagany-ushin-halyqtan-keshirim-surady/