jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Нәтижемен келіспейміз": Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жеңілген сәті
    Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жеңілген сәті. Фото: t.me/ olympickz

    Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 63,5 кг салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді. Ақпарат ҰОК Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

    Аталған жайтқа қатысты Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Өтешова пікір білдірді.

    "Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді. Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар.

    Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін емес екенін де түсінеміз.

    Алайда біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз", - деді ол.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты PBU-ға ескерту жасады. Қазіргі таңда ескерту қабылданып, зерттеу жүргізіліп жатыр.

    "Нәтижемен келіспейміз": Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.