Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім болмай қалдым": танымал қазақстандық зілтемірші қазір күзетші екенін айтты

Жарияланған күні:

Алмас Өтешов
Алмас Өтешов. Скриншот: youtube.com/uaqyt_korsetedi

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық зілтемірші Алмас Өтешев қазір күзетші болып жұмыс істеп жүргенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақта "Ердің басына күн туса, етігімен су ішер" дейді ғой. Қазір соны бастан кешіріп жатырмын. Көтерілсең бәрі қолпаштайды, бір сүрінсең бәрі жек көріп кетеді. Осыны түсіне алмай-ақ қойдым. Қолымнан келгеннің бәрін істедім. 230 килограмды көтере салу деген оңай емес. Допинг деп жатады, бірақ ондай салмақты басыңнан асыру оңай емес. Соны көтердік. Қазір омыртқамның төрт жерінен жарам бар.

Не айтамын, қазақ халқын жақсы көремін, қазақ болып туғаныма мақтанамын. Сүрінсең қасыңда ешкім болмайды екен. Сол қорлыққа шыдамай Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады. Альберт Линдер де арамыздан ерте кетті. Кезінде үкімет бізді пайдаланды. Туды көтердік. Одан кейін ешкім болмай қалдық. Неге олай? Денсаулығымызды бердік, омыртқадан омыртқа, тізеден тізе қалмады", - деді спортшы.

Алмас Өтешев әлем чемпионатында күміс жүлде еншілегеннен кейін мемлекет тарапынан үй берілгенін, бірақ қазір ешқандай өтемақы алып отырмағанын айтты.

"Қазір Алматыда күзетші болып жұмыс істеп жатырмын", - деді ауыр атлет.

Айта кетейік, Алмас Өтешов – жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (2008 жыл), 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2143510-eshkim-bolmai-qaldym-tanymal-qazaqstandyq-ziltemirshi-qazir-kuzetshi-ekenin-aitty/