Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж-2024: қазақстандық атлеттердің 4 тамызға арналған жарыс кестесі

Жарияланған күні:

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай. Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасының тоғызыншы күні Францияда қазақстандық 7 спортшы өнер көрсетеді. KAZ.NUR.KZ қазақстандық атлеттердің 4 тамызға арналған жарыс кестесін ұсынады.

Тікелей көрсетілімді Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", El Arna және Jibek Joly арналарынан тамашалауға болады. Кесте Астана уақытымен көрсетілген.

12:00. Нысана көздеу.

Никита Чирюкин. 1-раундта сынға түседі (екінші раунд 16:00-де басталады).

12:30. Стенд ату.

Екінші іріктеу кезеңінде Әсем Орынбай сынға түседі (финал 18:30-да өтеді).

13:05. Жеңіл атлетика.

Нора Джеруто, Дейзи Джепкемей, Ольга Сафронова және Давид Ефремов.

15:52. Бокс.

Нұрбек Оралбай ерлер арасында 80 кг салмақта жартылай финалда Доминикан Республикасының боксшысы Кристиан Хавьер Пиналеспен жұдырықтасады.

Жарыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144215-parizh-2024-qazaqstandyq-atletterding-4-tamyzga-arnalgan-zharys-kestesi/