Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдо федерациясы Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді

Жарияланған күні:

Алматы дзюдо федерациясы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді
Алматы дзюдо федерациясы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді. Фото: KAZ.NUR.KZ

Алматы қалалық дзюдо федерациясы Париждегі Олимпиадада қола жүлде алған дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошылардың алғашқы легі елге оралды. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлде иегері Ғұсман Қырғызбаев та бар. Дзюдошыларды Алматы әуежайынан олардың ата-анасы, достары, БАҚ өкілдері және жанкүйерлер күтіп алды.

Алматы қалалық дзюдо федерациясының өкілдері 66 кг салмақ дәрежесінде Олимпиаданың қола жүлдесіне ие болған Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді.

Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еске салайық, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичті "вазари" ұпайымен жеңген еді. Ал оған дейін Париж татамиінде Елдос Сметов (60 кг) франциялық спортшы Лука Мхеидзеден басым түсіп, алтын жүлдені қанжығалаған болатын.

Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдесі бар. Байрақты бәсеке 11 тамызға дейін жалғасады.

Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандық дзюдошыларды күтіп алу сәті
Қазақстандық дзюдошыларды күтіп алу сәті. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

NUR.KZ/Владимир Третьяков
Қазақстандық дзюдошыларды күтіп алу сәті. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144476-olimpiada-zhuldegeri-gusman-qyrgyzbaevqa-kolik-mingizdi/