Париждегі Олимпиада ойындары аясында Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай стенд атудан аралас командалық сында бәсекеге түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстандық спортшылар Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай стенд атудан аралас командалық бәсекенің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Үш кезеңнің нәтижесінде қазақстандық жұп 140 ұпай (46-48-46) еншілеп, 12-орынға жайғасты.
Бұл бәсекеге жалпы саны 15 команда қатысты. Аталмыш жарыстың іріктеу кезеңінде 1-2-орын алған Италия (149 ұпай) мен АҚШ (148 ұпай) құрамалары алтын жүлдені сарапқа салса, 3-4-орын алған Қытай (146 ұпай) мен Үндістан (146 ұпай) командалары қола жүлде үшін бақ сынайды.
Қазақстандық спортшы Әсем Орынбай стенд атудан іріктеудің екінші күнінде өнер көрсетіп, 116 ұпай еншілеп, 18-орынды місе тұтты.
Стенд атудың скит бәсекесінде Эдуард Ещенко 115 ұпай еншілеп, 26-орынға табан тіреді.
- Бес дүркін Олимпиада чемпионы Қазақстан халқына алғыс айтты
- Елдос Сметов әйгілі Такато сыйға тартқан кимоно жайлы айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144619-qazaqstandyq-sportshylar-komandalyq-basekede-synga-tusti/