Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүкіл әлемді жаяу аралаймын": қарағандылық блогер Анкарадан Батумиге дейін 1111 км жүріп өтті (фото)

Жарияланған күні:

Асхат Қажытай
Асхат Қажытай. Фото: gov.kz

Жаяу гид, бейбітшілік елшісі, "Әлемді жаяу аралаймын" жобасының авторы ("Бүкіл әлемді жаяу аралаймын"), тревел-блогер қарағандылық Асхат Қажытай Анкарадан (Түркия) Батумиге (Грузия) дейін 1111 км жол жүрді. Қазіргі уақытта қарағандылық тревел-блогер қазақ және ағылшын тілдерінде саяхат туралы "Жаяудың жазбасы" атты мотивациялық кітап жазып жатыр. Туындының тұсаукесері осы жылдың қазан-қараша айларына жоспарланған, деп KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысының әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Асхат Қажытай Анкарадан Батумиге дейін 1111 км жол жүріп, "Жаяудың жазбасы" атты мотивациялық кітап жазып жатыр.
  • Ол бұрын Қарағанды облысының ең биік нүктесі Ақсораңға дейін 333 км жүріп өтіп, Ұлытаудағы Әулиетауға барған.
  • Асхат Қажытайдың айтуынша, оның жобасының мақсаты - әлемде бейбітшілікті, жүрудің маңыздылығын насихаттау және қазақ мәдениетін таныстыру.

Бұл оның ең бірінші саяхаты емес. 2021 жылы Асхат Қажытай 7 күн ішінде Қарағанды облысының ең биік нүктесі – Ақсораңға (1565 м) дейін 333 км жүріп өтті. Сол жылы Ұлытаудағы Әулиетау нүктесіне (1131 м) дейін жетіп, оң тізесінен жарақат алып қалған. Дәрігерлердің ескертпесіне байланысты ол "Түркия – Түркістан 5555 км" жобасын кейінге қалдырған.

Ол белсенді спорттық жүктемелерсіз екі жылдың ішінде айтарлықтай салмақ жинап алған. Соған қарамасатан Асхат Қажытай Еуропадағы жаяу ультрамарафонға дайындықты бастап кеткен. Сонымен бірге биыл Германияда өткен футболдан Еуропа біріншілігі бәсекесі мен Париждегі Олимпиада ойындарына бару жоспарда болған.

"Мен дене шынықтыру кестемді реттей бастадым. Уақыт келгенде Мюнхен мен Париж арасындағы ультрамарафонға баруды шештім", - деді Асхат Қажытай.

Ол бұл додаларға бір жыл бойы физикалық және психологиялық тұрғыдан тыңғылықты дайындалды. Еуропаға бару үшін арнайы виза рәсімдеп, 7 шілдеде Астанадан Франкфуртқа, содан кейін Мадридке ұшып кеткен.

Испания астанасында ол еуропалық ауа-райына бейімделді, әйгілі "Сантьяго Бернабеу" стадионына дейін 33 км жүрген, "Реал Мадрид" футбол клубының аренасына жеткен.

"Мадридтен Мюнхенге ұшу керек едім. Менің билетім Мадрид – Измир – Мюнхен бағыты бойынша болды. Бірақ ойламаған оқиға болды. Маған билеттерді сатып алғанда қате кеткенін айтты: визалық жағдай ескерілмеген. Мен мұны Измирге қонған кезде ғана білдім және Мюнхенге ұшып кете алмадым. Мен Мюнхенде Франция мен Испания арасындағы футбол ойынына билет сатып алдым. Бірақ жоспарларды өзгертуге тура келді. Мен Анкара – Батуми бағытына аттандым", - дейді ультрамарафоншы.

Саяхат бар-жоғы 24 күнге созылды. Асхат Қажытай Түркияның 20-дан астам ірі және шағын қалаларынан өтті.

Трабзон қаласында Абай ескерткішіне барды. Garmin сағаттарының көмегімен жүріп өткен қашықтықты өлшеп, күнделікті маршрутын әлеуметтік желілерде жариялады.

"Менің жобамның мақсаты әлемде бейбітшілікті, жүрудің маңыздылығын насихаттау, табиғатты қорғауға және салауатты өмір салтын ұстануға, сондай-ақ қазақтардың өмір салтымен таныстыруға, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге шақыру", - дейді Асхат Қажытай.

Асхат Қажытай
Асхат Қажытай. Фото: gov.kz

Асхат Қажытай
Асхат Қажытай. Фото: gov.kz

Асхат Қажытай
Асхат Қажытай. Фото: gov.kz

Асхат Қажытай
Асхат Қажытай. Фото: gov.kz

Асхат Қажытай
Асхат Қажытай. Фото: gov.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144970-bukil-alemdi-zhaiau-aralaimyn-qaragandylyq-bloger-ankaradan-batumige-deiin-1111-km-zhurip-otti-foto/