Әлеуметтік желіде Париждегі жазғы Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов пен оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің қазіргі уақытта хит болған әнге билеген видеосы тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Видеоны танымал спорт журналисі Аслан Қаженов Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.
Көпшілік елге алтын медальмен оралған спортшы мен бапкерінің биіне тамсанып, ақ тілегін жаудырып жатыр. Олар Париж төрінде көк туымызды желбіреткен отандасымызға ризашылығын білдіруде.
"Ғалекеңе қалай билесе де, жарасады", "Тындырып тастап, осылай билесе орынды", "Жарайсың, бапкер", "Керемет таза еңбек, билеуге болады", "Тарих жасаған батырларға жарасады", "Қуаныш ұзағынан болсын", "Жарадыңдар", "Жерге жатып билесе де болады", - деді көпшілік.
Видео Тараздағы мерекелік басқосуға түсірілген болуы мүмкін.
Айта кетейік, күні кеше Тараз тұрғындары мен қонақтары жамбылдық спортшы Елдос Сметов пен оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті қарсы алды.
Олимпиада чемпионының құрметіне аладағы орталықтарының бірінде гала-концерт ұйымдастырылып, жанкүйерлер жиналды.
Ал Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Елдос Сметов пен Ғалымжан Жылгелдиевке пәтер мен автокөлік сыйлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144983-bari-zharasady-zhelide-eldos-smetov-pen-zheke-bapkerining-bilegen-videosy-tarady/