Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ертең алдыңа келеді": әкесін арқалаған Елдос Сметов жұрттың жүрегін елжіретті

Жарияланған күні:

Елдос Сметов әкесін арқалап жүр
Елдос Сметов әкесін арқалап жүр. Видеодан кадр: instagram.com/ khabartv

Күні кеше Париж Олимпиадасынан оралған дзюдошы Елдос Сметовтің құрметіне ұйымдастырылған мерекелік басқосуда әкесін арқалады. Көпшілік төрт жылда бір келетін доданың жеңімпазына ақ тілегін жаудырып, сүйсініп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан оралған соң споршының құрметіне ұйымдастырылған шарада әкесін арқалады.
  • Бұл сәт "Хабар" арнасының Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
  • Көпшілік спортшының бұл әрекетіне сүйсініп, оң пікір білдірді, оның ішінде "Әкеге не істесең, ертең алдыңа келеді" деген пікірлер де бар.

Видео "Хабар" арнасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

"Елдос Сметов әкесін арқалап жүр", - деп жазылған видеода.

Мұны көрген көпшілік дзюдошының әрекетіне тамсанып, оң бағасын берді.

"Әкеге не істесең, ертең алдыңа келеді", "Керемет көрініс, осылай дүниеге әкеліп, тәлім-тәрбие беріп, жемісін көру әрбір әкенің арманы шығар", "Барлық ер азамат Елдос сияқты болсын", "Жеңісің ұзағынан болсын", "Не істесе де, жарасады", "Алдыңа еселеп келсін", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Париждегі жазғы Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов пен оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің қазіргі уақытта хит болған әнге билеген видеосы тарады.

Ал күні кеше Тараз тұрғындары мен қонақтары жамбылдық спортшы Елдос Сметов пен оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті қарсы алды.

Олимпиада чемпионының құрметіне аладағы орталықтарының бірінде гала-концерт ұйымдастырылып, жанкүйерлер жиналды. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Елдос Сметов пен Ғалымжан Жылгелдиевке пәтер мен автокөлік сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145166-erteng-aldynga-keledi-akesin-arqalagan-eldos-smetov-zhurttyng-zhuregin-elzhiretti-video/