Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық таеквондошылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Жарияланған күні:

Батырхан Төлеуғали
Батырхан Төлеуғали. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан сынға түсетін таеквондошылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан қатысатын таеквондошылардың алғашқы қарсыластары анықталды.
  • 58 кг салмақта Самирхон Абабакиров италиялық Вито Делль'аквиламен, ал 80 кг салмақта Батырхан Төлеуғали Мали спортшысы Исмаэль Кулибалимен күш сынасады.
  • Батырхан Төлеуғали Қазақстаннан Париж Олимпиадасына жолдама алған ең жас спортшы болып табылады.

58 кг салмақта бақ сынайтын қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Делль'аквиламен шеберлік байқасады. Кездесу ертең, 7 тамызда сағат 15:37-де басталады.

Самирхон – G1 турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Кубогы мен VI жазғы Спартакиада ойындарында топ жарған.

Вито – осы салмақта Токио Олимпиадасында алтын жүлде иеленген, әлем чемпионатында топ жарған және қола жүлдесін еншілеген.Сондай-ақ италиялық таеквондошы Еуропа чемпионы, Гран-при турнирлерінің чемпионы деген атақтары бар.

80 кг салмақта ел намысын қорғайтын Батырхан Төлеуғали Мали спортшысы Исмаэль Кулибалимен сынға түседі. Қазақстандық таеквондошының қарсыласы әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері атанған. Кездесу 9 тамызда сағат 12:00-де басталады.

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали Қазақстаннан Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған ең жас спортшы. Таеквондошы өткен айда 18 жасқа толды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145195-qazaqstandyq-taekvondoshylardyng-algashqy-qarsylastary-belgili-boldy/