Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париждегі Олимпиада ойындарында 40-тан астам спортшы COVID-19 инфекциясын жұқтырған

Жарияланған күні:

Париждегі Эйфель мұнарасы
Париждегі Эйфель мұнарасы. Фото: Photo by Julien Mattia/NurPhoto via Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілінің мәліметінше, Париждегі Олимпиада ойындарында 40-тан астам спортшы COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы "РИА Новостиге" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мария фон Керков дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандар көбейгенін хабарлады.

"Соңғы айларда, маусымға қарамастан, көптеген елдерде COVID-19 жұқтырғандар байқалды. Соның ішінде Олимпиада ойындарында кем дегенде 40 спортшы тапсырған сынама оң нәтиже берген", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Сена өзенінде жүзіп өткеннен кейін бельгиялық спортшы ішек инфекциясын жұқтырып, ауруханаға жеткізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145364-parizhdegi-olimpiada-oiyndarynda-40-tan-astam-sportshy-covid-19-infektsiiasyn-zhuqtyrgan/