Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назым Қызайбайдың ауласына асфальт төселіп жатқаны рас па: әкімдік өкілдері жауап берді

Жарияланған күні:

Жол жөндейтін мамандар
Жол жөндейтін мамандар. Видеодан кадр: Instagram/juldyzdar.qaz

Әлеуметтік желіде "Назым Қызайбайдың үйінің алдына асфальт төсеп жатырмыз" деген жұмысшылардың видеосы тарады. Видеода жол жөндеп жүргендер Париж Олимпиадасының қола жүлдегерін күтіп алуға дайындалып жатқанын айтты. Бұл видеоға Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Әлеуметтік желіде Назым Қызайбайдың үйінің алдына асфальт төселіп жатқаны туралы видео тарады.
  • Видеода жұмысшылар Олимпиада жүлдегерін күтіп алуға дайындалып жатқанын айтты.
  • Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова бұл ақпаратты жоққа шығарып, ешқандай жол жөндеу жұмыстары жүргізілмей жатқанын мәлімдеді.

Асфальт төсеп жатқан жұмысшылардың видеосы Instagram желісінде тарап кетті. Бейнежазба авторы Назым Қызайбайдың үйінің алдында жол жөндеп жатқандарын жеткізген.

"Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбайды күтіп алуға дайындалып жатырмыз. Соның есік алдына асфальт салғалы жатырмыз. Жол жиегін ауыстырып, Назым келгенше жаңалап қоямыз. Қолдап кетіңіздер", - дейді видео авторы.

Алайда Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова аталған ақпаратты жоққа шығарды.

"Назым Қызайбай Қарасай ауданында тұрады. Алайда ешқандай жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145853-nazym-qyzaibaidyng-aulasyna-asfalt-toselip-zhatqany-ras-pa-akimdik-okilderi-zhauap-berdi/