Париждегі жазғы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жабылу салтанатында ту ұстау құрметі көркем гимнастика өкілі Эльжана Таниева мен таеквондошы Батырхан Төлеуғалиге берілді.
18 жастағы Эльжана Таниева – көркем гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы. Ол биыл алғаш рет Олимпиадаға қатысып, жекелей көпсайыстың іріктеу кезеңінде 13-орынға ие болды.
Батырхан Төлеуғали – 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының ең жас спортшысы. Жарыстың ресми ашылуына бір күн қалғанда ол 18 жасқа толды. Батырхан да бірінші рет Олимпиадаға қатысты. Қазақстандық таеквондошы 80 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 1/8 финалда Италия спортшысы Симоне Алессиоға есе жіберген болатын.
Еске сала кетейік, жалпыкомандалық есепте Қазақстан 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен 43-орынға тұрақтады.
- Париж-2024: Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды
- Париж Олимпиадасы: қазақстандық марафоншы финалда 33-орын алды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147536-olimpiadanyng-zhabylu-saltanatynda-qazaqstan-tuyn-kimder-ustap-shygatyny-belgili-boldy/