Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батырхан Төлеуғали мен Эльжана Таниева Олимпиаданың жабылу рәсімінде Қазақстан туын ұстап шықты

Жарияланған күні:

Батырхан Төлеуғали мен Эльжана Таниева Қазақстан туын ұстап шықты
Батырхан Төлеуғали мен Эльжана Таниева Қазақстан туын ұстап шықты. Фото: Владислав Семенов

Қазақстан делегациясы Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Стад де Франс" стадионында өткен салтанатты шара кезінде Қазақстан туын көркем гимнастика шебері Эльжана Таниева мен таеквондошы Батырхан Төлеуғали ұстап шықты. Екі спортшы да 18 жаста және биыл Олимпиадаға алғаш рет қатысты. Эльжана жарысты 13-орында аяқтаған болса, Батырхан 1/8 финалда жеңіліп қалды.

Еске салайық, Сена өзенінде өткен ашылу салтанатында Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова алып шыққан еді.

Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 43-орынға тұрақтады.

Жалғыз алтын жүлдені ел қоржынына дзюдодан 60 кг салмақта Елдос Сметов салды. Ал спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен 77 кг салмақта Демеу Жадыраев және бокстан 80 кг салмақта Нұрбек Оралбай күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ нысана көздеуден командалық жарыста Ислам Сәтбаев пен Александра Ле, дзюдодан 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев және әйелдер боксынан 51 кг салмақта Назым Қызайбай қола жүлдені қанжығалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147545-18-zhastagy-eki-sportshy-olimpiadanyng-zhabylu-rasiminde-qazaqstan-tuyn-ustap-shyqty/