Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты басталды

Жарияланған күні:

Эйфель мұнарасы
Эйфель мұнарасы. Фото: Pool/Getty Images

Бүгін, 11 тамызда Қазақстан уақытымен 23:15-те Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Рекордтар" деп аталатын салтанатты шара 80 мың көрерменге арналған және жеңіл атлетикадан олимпиадалық жарыстар өтетін "Стад де Франс" стадионында болып жатыр. Тікелей трансляцияны Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly, "Хабар" және "Ел арна" телеарналарынан көруге болады.

Еске салайық, Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты 26 шілдеде өткен еді. Тарихта алғаш рет Олимпиаданың ашылу рәсімі стадионда емес, су үстінде болды. Ұлттық құрамалар қайыққа мініп Париждегі Сена өзенін бойлай шеру жасады. Мемлекеттер шеруінде Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова алып шыққан болатын.

16 күнге жалғасқан Париж Олимпиадасына 206 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысты. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147548-parizhdegi-zhazgy-olimpiada-oiyndarynyng-zhabylu-saltanaty-bastaldy/