Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздарға арналған ең қолайлы және танымал спорт түрлерін білесіз бе

Жарияланған күні:

Волейболшы әйел
Волейболшы әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Спорт денсаулыққа пайдалы. Ол өзін-өзі жақсы сезінуге және дене бітімін қалыптастыруға ықпал етеді. Он спорттық дисциплина қыздарға арналған ең қолайлы спорт түрлерінің ТОП-10-ына кірді.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада қыздар арасында ең танымал және қолайлы деп саналатын 10 спорт түрі талқыланады, олардың қатарында футбол, жеңіл атлетика, жүзу, баскетбол және теннис бар.
  • Әр спорт түрінің денсаулыққа пайдасы, оның танымалдылығы туралы статистикалық деректер және белгілі спортшылар туралы ақпарат беріледі.
  • Мақалада сонымен қатар волейбол, көркем гимнастика, бадминтон, гольф және хоккей сияқты спорт түрлері де қарастырылып, олардың ерекшеліктері мен артықшылықтары сипатталады.

Футбол

Statista басылымының мәліметінше, 2021 жылы футбол әлемдегі ең танымал әйелдер спорты болды. British Council мәліметіне сәйкес, UEFA тапсырысымен жүргізілген зерттеу нәтижелері футбол ойнайтын қыздардың өзіне деген сенімділік деңгейі басқа спорт түрлерімен айналысатындарға қарағанда жоғары екенін көрсетті.

Футбол салмақты бақылауға, бұлшықеттерді нығайтуға, қозғалысты үйлестіруге және тыныс алуды реттеуге көмектеседі. Ең беделді турнирлерге әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындары жатады. Белгілі футболшылар арасында Алекс Морган, Меган Рапино, Алексия Путельяс және әйелдер футболының аңызы Марта Виейра да Силва бар.

Жеңіл атлетика

Mirror басылымының мәліметінше, жеңіл атлетика қыздар арасында танымал спорт түрлерінің бірі болып табылады. 18-65 жас аралығындағы 2 мың әйел арасында жүргізілген сауалнамада 15%-ы жеңіл атлетиканы таңдаған, бұл оны үшінші орынға шығарды. Жеңіл атлетикамен айналысу энергиямен зарядтайды, жүйке жүйесін жеңілдетеді, иммунитет пен жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады.

Қазақстандық жеңіл атлеттер арасында Жанна Мамажанова, Диана Айдосова, Варвара Назарова, Ольга Сафронова, Виктория Зябкина сынды спортшылар бар.

Жүзу

Дарынды спортшыларға арналған Corvuss American Academy мектебі жүзуді әйелдер арасында ең танымал спорт түрлерінің бірі деп санайды. CBSE ұлттық мектебіндегілер, жүзу – қыздарға арналған үздік спорт түрі деп есептейді.

Әйелдер денсаулығы туралы жазатын Women's Health медициналық журналының мәліметінше, әр аптадағы жүзу жаттығулары созылмалы аурулар қаупін азайтады, өкпе жұмысын жақсартады, физикалық жағдайдың жалпы дамуына ықпал етіп, ағзаның түгелдей тонусын көтеріп, төзімділікті арттырады.

Жүзуден ең маңызды жарыстар деп Олимпиада ойындарып, әлем және Еуропа чемпионаттарын айтамыз. Белгілі жүзушілердің қатарында Натали Коглин, Ребекка Сони және қазақстандық Эльмира Айғалиева бар.

Баскетбол

Sports Brief журналының мәліметінше, баскетбол әйелдер арасында танымал спорт түрлерінің бірі саналады. Бұл динамикалық ойын ептілікті, үйлестіруді және төзімділікті дамытады, командалық рухты нығайтады.

Әйелдер ұлттық баскетбол ассоциациясы (WNBA) әлемдегі ең үздік кәсіби лигалардың бірі саналады. Белгілі баскетболшылардың қатарында Эйжа Уилсон, Джонквел Джонс, Брианна Стюарт бар.

Теннис

Әйелдер теннисі – ең беделді спорт түрлерінің бірі. Бұл спорт түрі физикалық дайындықты, ептілік пен күшті қажет ететін қызықты матчтармен танымал. Ұлыбританияның ресми теннис сайтында LTA 2023 жылы Ұлыбританияда рекордтық 5,6 миллион ересек адам теннис ойнады деп жазады, оның 42 пайызы әйелдер.

WebMD медициналық басылымы тенниспен айналысатын адамдардың өмір сүру ұзақтығы ұзақ болатынын және жүрек аурулары қаупі айтарлықтай төмендейтінін жазады.

Белгілі теннисшілердің қатарында Серена Уильямс, Наоми Осака және Қазақстанда үздік саналатын Жібек Құламбаева бар.

Теннисші әйел
Теннисші әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Волейбол

Sports Brief журналының деректеріне сәйкес, волейбол әйелдер арасында ең танымал спорт түрлерінің бірі болып табылады. Бұл ойын үйлестіру мен ептілікті жақсартатын динамикалық жаттығу саналады. Медициналық зерттеулерге сенсек, волейболшылардың дене майының төмен қатынасы қаңқа бұлшықеттерінің массасының жоғары қатынасына сәйкес келеді.

Волейбол – буындарға аз жүктеме түсіретін спорт түрі, сондықтан оны кез келген жастағы әйелдер ойнай алады. Белгілі волейболшылардың қатарында Мелисса Варгас, Изабель Хок, Сарина Кога бар. Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2008 жылы Олимпиада ойындарына және 2010 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Көркем гимнастика

Nubia журналы көркем гимнастиканы қыздарға арналған ең қолайлы спорт түрлерінің бірі деп атаған. Доктор Джована Рампаццо Тейшейра көркем гимнастикамен айналысу әйелдердің жадын және назарын жақсартатынын айтады.

Көркем гимнастика жарыстары барлық деңгейде өтеді – аймақтық турнирлерден бастап әлем чемпионаты, Әлем Кубогы және Олимпиада ойындары сияқты халықаралық турнирлерге дейін. Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) осы жарыстарды ұйымдастырады және реттейді.

Белгілі гимнастардың қатарында Симона Байлз, қазақстандық Даяна Абдирбекова бар.

Бадминтон

Nubia журналы бадминтонды қыздарға арналған ең жақсы спорт түрлерінің бірі деп санайды. Бұл бүкіл әлемде, әсіресе Қытайда танымал әрі олимпиадалық спорт түрі. Бадминтонды үйде де, түзде де ойнауға болады.

PubMed медициналық басылымы бұл спорт түрінің денсаулыққа әсері туралы айтады. Бұл тыныштықтағы қан қысымы мен жүрек соғу жиілігінің төмендеуі, негізгі физикалық қасиеттердің, психикалық және әлеуметтік денсаулықтың жақсаруы.

Белгілі бадминтоншылардың қатарында қазақстандық Айша Жұмабек бар.

Гольф ойнап жатқан қыз
Гольф ойнап жатқан қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Гольф

Sports Brief рейтингіне сәйкес, гольф әйелдер арасында танымал спорт түрлерінің бірі. Бұл физикалық белсенділікті жоспарлау және нақты шешім қабылдау қабілетімен үйлестіретін ең тыныш спорт түрлерінің бірі.

Гольф физикалық белсенділік пен дәл шешімдер қабылдау қабілетін үйлестіретін спорт түрі. Белгілі қазақстандық гольфшы Ривекка Жұмағұлова әлемдік аматорлық рейтингте жоғары орындарға ие. 2018 жылы 15 жасында ол World Amateur Golf Ranking әлемдік әуесқойлар рейтингіне енді. 2021 жылы Ребекка АҚШ-тың Ұлттық колледж атлетикалық қауымдастығының турнирінде үшінші орынға ие болды.

Хоккей

Хоккей – жарақат алу қаупі жоғары спорт түрлерінің бірі, бірақ ол әйелдер арасында өте танымал болып қала береді. Хоккей күштілікті, ептілікті және төзімділікті талап етеді.

Белгілі хоккейшілердің қатарында Манон Реом бар, ол НХЛ-де ойнаған жалғыз әйел спортшы.

Қыздарға арналған ең қолайлы спорт түрін таңдау олардың жеке мүдделеріне, физикалық мүмкіндіктеріне және мақсаттарына байланысты. Танымал спорт түрлері физикалық дамуға мүмкіндік беріп қана қоймай, әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және жалпы психикалық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2148043-qyzdarga-arnalgan-eng-qolaily-zhane-tanymal-sport-turlerin-bilesiz-be/