Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сізге деген құрметім шексіз": Елдос Сметов бапкерін туған күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Ғалымжан Жылгелдиев пен Елдос Сметов
Ғалымжан Жылгелдиев пен Елдос Сметов. Фото: instagram.com / yeldos60kg

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Instagram желісіндегі ресми парақшасында жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті туған күнімен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қадірлі, Ғалымжан аға! Мерейлі мерекеңіз құтты болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, ел спортындағы ерен еңбегіңізге абырой тілеймін!

Ұстаздық, ағалық қолдауыңызды ерекше бағалаймын, өзіңізге деген құрметім шексіз! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын", - деп Елдос Сметов тілек білдірді.

Ғалымжан Жылгелдиев 1970 жылы 13 тамызда Таразда дүниеге келген бапкер спортты самбо күресінен бастаған. Дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, самбо күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атты спорттық атағы бар. Ғалымжан Жылгелдиевті дзюдо жанкүйерлері Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовтің жеке жаттықтырушысы ретінде таниды.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Париждегі жазғы Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов пен оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің қазіргі уақытта хит болған әнге билеген видеосы тараған болатын.

Сондай-ақ Ғалымжан Жылгелдиев өзінің шәкірті Елдос Сметовтің бойындағы ерекше мінезі туралы да айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2148399-ozingizge-degen-qurmetim-sheksiz-eldos-smetov-bapkerin-tugan-kunimen-quttyqtady/