jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ол кішкентайынан ызақор": Елдос Сметовтің бапкері дзюдошының мінезі туралы айтты

    Елдос Сметов пен жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев
    Елдос Сметов пен жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев: Olympic.kz

    Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев "Спорт Министрі" Youtube арнасына берген сұқбатында дзюдошының мінезіндегі ерекшелік туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Елдоста қаншама жарақаттар болды. Мен оған: "Елдос, ештеңе етпейді, демал", - деп әрдайым айтып отырамын. Сондай-ақ біз мимен көбірек жұмыс істедік, психологиялық тұрғыдан дайындалдық. Елдосқа үнемі тек бағыт-бағдар бере алатынымды, кеңес айта алатынмды жеткіздім, ал күрескен кезде сен өзіңнің миыңды қосып күресесің дейтінмін.

    Мен оның ішкі жай-күйін әрдайым оятатынмын. Ол кішкентайынан өзі ызақор еді. Мен оны әдейі ызаландыратынмын. Мен оның ызақор екенін білемін, ол менің көз алдымда өсті. Адамның бойында ол қасиет өмір-бақи қалып қалады екен. Мен оның ішіндегі осы қасиетті оятсам, сонда ғана күреседі. Сондықтан осындай мінез болуы керек", - деді Ғалымжан Жылгелдиев.

    Айта кетейік, Елдос Сметов 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын. Осылайша ол тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

    "Ол кішкентайынан ызақор": Елдос Сметовтің бапкері дзюдошының мінезі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.