Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулықтар Абиба Абужақынова мен Эсмигүл Куюловаға құрмет көрсетіп, көлік сыйлады

Жарияланған күні:

Абиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюлова автокөліктің сертификаты сыйға тартылған сәт
Абиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюлова автокөліктің сертификаты сыйға тартылған сәт. Фото: facebook.com/AkimatAtyrau

Атырауда Спорт күніне орай өткен салтанатты іс-шарада Париж Олимпиадасының қатысушылары, дзюдошылар Абиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюловаға автокөлік сыйға тартылды. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде Спорт күніне орай өткен іс-шарада облыс әкімі Серік Шәпкенов үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттаған.

Олардың арасында Париж Олимпиадасында өнер көрсеткен Абиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюлова да бар.

Әлемнің басты спорт бәсекесінде өнер көрсеткен дзюдошыларға Zeekr автокөлігі сыйға тартылған.

Сондай-ақ облыстың ардагер спортшысы Жұлдыз Құлесов "Еңбек ардагері" медалімен марапатталса, "Ақжар балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ директоры Саян Ізтелеуов Мәдениет және спорт министрлігінің "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен наградталған.

Ал Муай-тайдан ұлттық құрама мүшесі Әбіл Галиевке Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаты табысталған.

Сонымен қатар үздік жаттықтырушылар облыс әкімінің Алғыс хатын иеленген.

Шарада әлемдік деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанған спортшылардың ата-анасы да елеусіз қалмай, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің қолынан Алғыс хат алған.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша өңірде спортты өркендету, спортшыларға жан-жақты қолдау жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасын табады.

"Біз Атырау спортының айбынын асқақтатар жарқын сәттер әлі алда деп сенеміз", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Абиба Әбужақыноваға Астанада құрмет көрсетіліп, "Республика" паритясының төрағасы, мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров пен мәслихат депутаты Қайрат Маишев спортшы аруға автокөлік сыйлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2149978-atyraulyqtar-abiba-abuzhaqynova-men-esmigul-kuiulovaga-qurmet-korsetip-avtokolik-syilady/